Қазақстандағы отбасы күні

08.09.2023

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Жәлел Қизатов атындағы Жоғары ауылшаруашылық колледжінде мультимедиялық жабдығы бар кабинетте жаңа қабылдаудың барлық топтары үшін «Қазақстандағы отбасы күні» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында махаббат, өзара сыйластық, қарттар мен жақындарына қамқорлық, өз отбасына, еліне деген мақтаныш сияқты өмірдегі отбасылық құндылықтарға баса назар аударылды. Сынып сағатының тақырыбы бойынша сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді жауап берді. Қазақ, орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерді де еске түсірдік. Үлкенді сыйлау, оларға қамқор болуды үйрететін бейнероликті тамашаладық. Әңгіме соңында олар адам үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе отбасы екенін тағы бір мәрте атап өтті!!!



Текст
Виртуальная приемная